"Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге еш негіз жоқ" – Тоқаев
Сурет: Telegram/mazhilis_kz
"Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ". Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ana tili газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы мұндай болжамдардың бар екенін білетінін айтты. Алайда ол бұл ақпарат әдейі таратылып жатыр деп есептейді.
"Біздің елде жаңа Үкімет жұмысына кіріскен бетте оның отставкаға кететіні туралы әңгіме тарайды. Парламент туралы да дәл солай деуге болады. Мен Парламент депутаттары азаматтық және саяси жауапкершілік танытып, жақсы жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын. Ал Үкімет – ауыс-түйіске бейім құрылым. Оның құрамында түрлі жағдайға, оның ішінде Amanat партиясының және Парламенттегі басқа да партиялардың ұстанымына байланысты өзгерістер болуы мүмкін", - деді ол.
Мемлекет басшысының ойынша, Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ. Сайлау заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес өтеді.
"Парламент өзіне тиесілі мерзім аясында қызметін атқаруға құлықты. Ал Үкімет бекітілген бағдарламалар мен жоспарларға сәйкес әрекет етіп, оң нәтижеге жету үшін жұмыс істеп жатыр. Стратегиялық міндет – тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің өңірдегі көшбасшы мәртебесін нығайту", - деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript