Тоқаев 2026 жылы БҰҰ басқара ма
Сурет: akorda.kz
Әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымын басқаруы мүмкін, соған байланысты елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген қауесет тарап жатыр. Президенттің өзі Ana tili газетіне бергенде бұл қауесетке қатысты жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын", - деді ол.
Мемлекет басшысы Қазақстанды дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарлары бар екенін айтты.
"Оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript