Ақмола облысындағы жаппай жол апаты: 11 адам зардап шекті

Ақмола облысындағы жаппай жол апаты: 11 адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2025 17:19 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысындағы тасжолда болған жаппай көлік апатынан 11 адам түрлі дене жарақаттарымен Бұланды аудандық ауруханасына түсті. Төрт адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Астана-Петропавл тасжолында болған жол апатынан кейінгі кадрларды бөлісіп, қазіргі уақытта жол учаскесінде тәртіп сақшылары, төтенше жағдайлар қызметі және "ҚазАвтоЖол" мамандары жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады.

"Астана - Щучье жол учаскесінде кептелістерді жою үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жолды бөліп тұратын қоршауларды бұзып жатыр. Бұл шара көлік қозғалысын едәуір жақсартуға, жүргізушілерді өткізіп жіберуге және полиция қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жолды жалғастыруға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, апатқа ұшыраған 95 көліктің 10-ы шығарылып, тағы 30-ы оқиға орнынан өздері шыққан.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: