Ақмола облысындағы жаппай жол апаты: зардап шеккендер саны 20 адамға жетті
Сурет: primeminister.kz
Ақмола облысындағы тасжолда болған жаппай жол апатынан 20 адам зардап шекті, оның сегізі - бала, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 3 қаңтарда Ақмола денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.
"Ақкөл орталық аудандық ауруханасына әртүрлі дәрежедегі жарақатпен үш адам жеткізілді. Барлығының жағдайы тұрақты. Бұланды орталық аудандық ауруханасына 11 адам түсті, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды, оның ішінде бір бала бар", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, алтауының амбулаторлық емдеуге жіберілгені хабарланды. Төрт адам, оның ішінде бір бала Бурабайдағы медициналық пунктіге жеткізілді. Бір адам ауруханада, үшеуі амбулаторлық ем алып жатыр.
"Оқиға орнынан астаналық екі бала ауруханаға жеткізілді. 2021 жылы туған бір бала бас-ми жарақатын алып, миы шайқалды деген диагнозбен жеткізілді. Екіншісі, 2009 жылы туған жасөспірімнің кеуде қуысы жарақат алған және тізе буынын ауыртып алған. Ауруханаға жатқызылғандардың бәрінің жағдайы тұрақты", - деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript