Астанадағы құпия "жерасты қаласы" желі қолданушыларын дүр сілкіндірді

Астанадағы құпия "жерасты қаласы" желі қолданушыларын дүр сілкіндірді , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2025 15:50 Сурет: pxhere
Қазнет пайдаланушылары Астанада жер астында қала бар екендігі туралы видеоны қызу талқылауда. Онда, автор шенеуніктер үкімет ғимараттары арасында "жылы" жерасты тоннельдері арқылы жүретіндігін алға тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автордың айтуынша, бұл құпия желі президент сарайын, парламент, министрліктер үйін және басқа да әкімшілік ғимараттарды байланыстырады екен.

Stopfake.kz мамандары бірден ақпаратқа қатысты Президент істері басқармасының баспасөз қызметіне жүгінді.

Нақтыланғандай, ақпарат жалған болып шықты.

"Бұл видео жалған. Үкімет ғимараттарын байланыстыратын жылы тоннельдері бар ешқандай жерасты қаласы жоқ. Өкінішке орай, адамдарды шатастыратын тағы бір фейк ақпарат таратылып жатыр", – деп хабарлады ведомство өкілі.

Бұған дейін Қазақстанда шетелдік қылмыстық жетекшілердің сыбайластары ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: