Маңғыстауда ұшақ апаты кезінде көмек көрсеткен азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ақтауда әуе апаты кезінде көмек қолын созған азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 5 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Президент тапсырмасына сәйкес, Ақтауда әзірбайжандық Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшыраған кезде батылдық, кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бір топ азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттап, Президенттің Алғыс хатын табыстады.
Салтанатты шара барысында:
- Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" орденімен "ҚР Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті" ММ маманы-криминалисі Айбек Әлібаев марапатталды.
- Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі "Айбын" орденімен Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №12 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндірушісі-құтқарушысы Олжас Байтөре, Қорғаныс министрлігі 30153 әскери бөлімі алыс радиомаркерлік пунктінің бөлімше бастығы Нұрлан Ботағарин, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті Басқұдық ауылы №12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Серіболат Оңғар, Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы Мәрлен Сәркенов марапатталды.
- "Құрмет" ордені "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ медициналық пунктінің меңгерушісі Ирина Кочергинаға, "Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы" МКК орталығының меңгерушісі Бақытжан Қойбековке табысталды.
- "Ерлігі үшін" медалімен "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары Қожабек Аллабергенов, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "Жедел құтқару жасағы" РММ құтқарушысы Манас Бағытов, "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің екінші пилоты Естемес Әлішер, "Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы" МКК фельдшері Тимур Қисаев, "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемесінің командирі Асхат Құдабаев, "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының фельдшері Заманбек Құбайдуллаев, "ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы (Астана қаласы)" ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Оспан Оразбеков, "Қазаэронавигация" РМК Ақтау филиалы "Вышка" диспетчерлік пунктінің диспетчері Ярослав Толстиков, "Маңғыстау өңірлік электр-тораптық компаниясы" АҚ Ақтау электр желілер ауданының шебері Нұралы Шопанов марапатталды.
- "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының психологы Есен Жан, "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ қызмет бастығының орынбасары Бекболат Жұмағұлов, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК Маңғыстау облысы бойынша филиалының маманы Эльдар Оразалиев марапатталды.
Сонымен қатар 51 адамға Президенттің алғысы табысталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript