Қызылорда облысында ірі есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді

Центр оперативного управления департамента полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 10:36 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Самара – Шымкент М-32 тасжолында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің полицейлері Байқоңыр қаласында жылдамдық режимін бұзған Hyundai автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан төрт үлкен полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды.

Сараптама қорытындысымен алынған зат 19 кг 530 гр. кептірілген марихуана екендігі нақтыланды.

Есірткі шамамен 20 млн теңгеге бағаланды.

Автокөлікті тізгіндеген 51 жастағы жүргізуші Байқоңыр қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: