Синоптиктер ертең елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болатынын болжады

Синоптиктер ертең елдің бірнеше өңірінде қалың қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болатынын болжады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 17:56 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 8 қаңтарда Астанада, Алматыда және 11 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада түнде кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

Алматыда түнде кей уақытта қатты қар күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: