Қар, тұман, көктайғақ: синоптиктер дүйсенбіде елдің 12 өңірінде ескерту жасады
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман.
Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 25 м/с.
Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.
Шымкентте түнде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.