Тұман, көктайғақ: синоптиктер 4 қазанда республиканың 10 өңірінде ескерту жасады

тұман, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2023 23:15 Сурет: pxhere
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 қарашада 10 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман.

Астанада тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында да тұман. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 

Жетісу облысының таулы аудандары тұманды болады. Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: