Тараздағы кафеде ішімдікке "тойып алған" жас жігіт полицейге пышақпен шабуыл жасады
Сурет: видео скрині
Оқиға 2025 жылғы 3 қаңтарда таңертең Тараздағы дәмханалардың бірінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 жастағы жігіт мас күйінде мекеменің күзетшісімен жанжалдасып, оған пышақпен шабуыл жасаған. Осы кезде оқиғаға полиция қызметкері араласқан, ол сол күні күшейтілген кезекшілікке шыққан. Полиция лейтенанты күзетшіні құтқарамын деп, қолын жарақаттап алды.
"Соған қарамастан, жаралы қызметкер қоян-қолтық ұрыс әдістерін қолданып, шабуыл жасаған ер адамды тоқтатып, ауыр қылмыстың алдын алды. Полицей күдіктіні жедел-тергеу тобы келгенге дейін ұстап тұрған", - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұсталған тұрғынға қатысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript