Ішімдікке сылқия тойып алған шығысқазақстандық құқық қорғау органдарын әбігерге салды

Ішімдікке сылқия тойып алған шығысқазақстандық құқық қорғау органдарын әбігерге салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2025 18:05 Сурет: Zakon.kz
13 қаңтарда таңғы уақытта ішімдікке масайған ер адам 102 арнасына қоңырау шалып, қаладағы клубтардың бірінде бомба жасырылғанын хабарлаған. Күдікті аталған мекеменің тұрақты келушісі болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына дереу полицияның сыртқы жасағы мен жедел тергеу тобы жіберілді. Алайда клубты толық тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат анықталмады.

Полицейлер "ізін суытпай" күдіктіні қолға түсірді. 28 жастағы жергілікті тұрғын өзінің әрекетін алкогольдік масаң күйде жасағанын және болған жайт есінде жоқ екенін айтып түсініктеме берген.

Терроризм актісі туралы жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті терроризм қаупі туралы қасақана жалған хабар таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

"Мұндай әрекет қоғамдық қауіпсіздікке зиян тигізіп, тиісті органдардың уақытын зая кетіреді", - деп хабарлады ведомство.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: