ІІМ: 2024 жылы полиция есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасын жойды
Фото: polisia.kz
2024 жылы ІІМ "бақыланатын жеткізу" әдісін пайдалана отырып, 21 іс-шара өткізді. Оның ішінде 19 іс-шара ішкі, ал екі іс-шара сыртқы болды.
Нәтижесінде есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасы анықталды, оның 55-і синтетикалық заттармен байланысты. 137 келіден астам синтетикалық есірткі және екі тонна прекурсор тәркіленді.
"Бұл бағытта халықаралық ынтымақтастық маңызға ие. Қырғыз Республикасының ІІМ-мен бірлесіп, Жамбыл облысында екі сыртқы операция жүргізілді, бұл екі трансұлттық есірткі каналының жолын кесуге мүмкіндік берді. 16 келіден астам гашиш тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Өткен жылы барлығы сегіз мыңға жуық есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 3 430-ы қылмыс. Қылмыстық топ құру және оны басқару бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды.
Есірткі заттарын тұтыну үшін притон ұйымдастыру және ұстау бойынша жеті дерек анықталды. 21 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 547 кг синтетика, 2,5 кг героин, 10 тоннадан астам марихуана, 572 кг гашиш. 63 есірткі зертханасы жойылды.
Есірткі таратуға қатысты ақпаратты қамтитын 7400 интернет-ресурс анықталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript