Абай облысында су тасқыны кезінде бүлінген көпір қалпына келтірілді

Абай облысында су тасқыны кезінде бүлінген көпір қалпына келтірілді , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2025 10:22 Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай облысында Боғас өзеніне уақытша өткел салынып, қатынас қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімдігінің ақпаратынша, 2024 жылғы тасқын "Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті" аудандық маңызы бар тасжолындағы көпірдің бүлінуіне әкелген еді. Алайда шұғыл шешімдердің нәтижесінде Боғас өзеніне уақытша өткел салынып, қатынас қалпына келтірілді.

"Бүгінде көпір қалыпты жұмыс істеп тұр", делінгена ақпратта.

Аталған көпір арқылы Кіндікті, Алғабас ауылдарына және Ырғызбай ата кесенесіне баратын жолаушылар қатынайды. Жалпы Кіндікті ауылдық округінде 631 адам тұрады. Ырғызбай әулие кесенесіне жылына алты мыңға жуық турист келеді.

Бұған дейін Ұлытау облысында экология департаментінің басшысы пара алу кезінде ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: