Ақтөбе облысында су шайып кеткен уақытша өткел қалпына келтірілді

Уақытша өткел, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, қалпына келтіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2025 18:30 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Уақытша өткелді су шайып кеткен Ақтөбе облысы Ойыл ауданында жол қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, енді аудан орталығына тұрғындардың қатынауына кедергі жоқ. Көліктер жүріп жатыр.

"Бұған дейін Ойыл, Көптоғай, Қараой, Сарбие ауылдық округтерімен жол қатынасы үзілген болатын. Аталған техникалық көпірді іске қосу арқылы бұл мәселе шешілді", делінген төтеншеліктердің 2025 жылдың 21 наурызындағы хабарламасында.

Қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін құтқарушылар күшімен кезекшілік ұйымдастырылғаны белгілі.

2025 жылы 15 наурызда Ақтөбе облысында қала мен аудан орталығын байланыстырушы уақытша өткелді су басқанын жазғанбыз. Бұл уақытша өткел 2024 жылы су асқыны кезінде бұзылған көпір орнына пайдаланылып келгені белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: