Ақтөбе облысында қала мен аудан орталығын байланыстырушы уақытша өткелді су басты

Су басты, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, уақытша өткел, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2025 14:05 Сурет: akorda.kz
Ақтөбе облысы Ойыл ауылындағы уақытша өткелді су шайды. Таңертеңнен бастап ол арамен жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" порталының мәліметінше, 2024 жылғы су тасқыны кезінде аудан орталығын Ақтөбемен байланыстыратын көпір қирап тынған.

"Жаңа көпір салынып жатқандықтан, тұрғындар әзірше понтонды пайдаланып жүрген. Оның өзі 14 наурызда су астында қалып кетті", - деп жазады басылым.

15 наурыздан бастап полиция қызметкерлері кезекшілікке қойылды. Әзірге, өзеннің арғы бетіне тек жаяу өтуге болады. Аудан әкімдігінің мәліметінше, бір тәулік ішінде өткел арқылы автомобиль қозғалысын қалпына келтіру жоспарлануда.

Айта кетсек, Қостанай облысы жаңа су тасқынымен бетпе-бет келуі мүмкін. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: