Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің әйелі өтемақы талап етіп отыр

Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің әйелі өтемақы талап етіп отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2025 22:51 Сурет: видео скрині
Семейде шырша безендіремін деп биіктен құлаған мұғалімнің әйелі өтемақы талап етіп отыр. Себебі: жазым болған Қуат Айтқалиға әлі жарты жыл ем-дом алу қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, 23 жастағы Қуат Айтқали өздігінен жүріп-тұра алмайды. Сондықтан "оны күтіп, қарау үшін де бір адам қасында отыруы қажет" дейді жұбайы. Өйткені дәрігерлер оның миына құйылған қанды тоқтатып, сынған бас сүйегінің жартысын алып тастаған. Енді екі айдан кейін оның орнына пластмасса салу үшін қайта ота жасалады.

Жәбірленушінің әйелі ұстаздарға шаһар басшысының орынбасары мен білім бөлімінің басшылары шыршаның басына шығуға бұйрық берген дейді. Семейдегі бас шыршаны безендіруге барлығы он мектептің мұғалімдері жұмылдырылған көрінеді. Сондықтан қағаз жүзінде болмаса да, бұйрық ауызша берілгені анық деп отыр.

Енді тергеу аяқталған соң адвокат жалдап, өтемақы талап ету үшін сотқа жүгінбек.

"Біз барлығын заң жүзінде істеп жатырмыз. Қазір 362-баптың төртінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Барлығынан сұрақ алынып жатыр. Енді алдағы уақытта сот әділ өтеді деген шешімдеміз. Тергеу қалай бітеді, кімді кінәлі қылады, біз соларға арыз жазып, бәрін сотпен шешеміз".Қуат Айтқалидың әйелі Сымбат Аянқызы
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: