Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің еміне кететін шығын толық өтелетін болды

Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің еміне кететін шығын толық өтелетін болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2025 14:40 Сурет: pixabay
Семейде биіктен құлаған ұстазға мектеп директоры "шырша безендіруге барасың" деп бұйрық бергені анықталды. Сондықтан Қуат Айтқалидың ем-домына жұмсалған шығын толық өтеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қазір мұғалім үйінде ем-дом алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның айығып кетуіне кемі жарты жыл керек. Себебі Қуат Айтқалидың сынған бас сүйегінің орнына екі айдан кейін пластмасс салынады.

Еңбек инспекциясы осы оқыс оқиғадан кейін тексеріс жүргізіп, жазатайым жағдайға жұмыс беруші кінәлі дейді. Өйткені шырша безендіруге мектеп директоры жұмсаған екен. Сондықтан "жәбірленуші ақылы түрде емделсе, кеткен барлық шығын төленеді" дейді арнайы комиссия өкілдері.

Сондай-ақ мұғалімге жалақысы да әлі төленіп жатыр. Ал еңбек инспекторлары тексеріс қорытындысын құзырлы органдарға жолдаған.

"Бұл жерде актті жасалынды, тиісті құжаттар толтырылды. Енді құқық қорғау органдарына жіберіледі. Өйткені ҚР ҚК 156-бабына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек қорғау ережесін бұзған".Абай облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: