Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс аймағы пайда болды

Алматы қаласының Түрксіб ауданында балалар және спорт алаңдары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 12:34 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының Түрксіб ауданында балалар және спорт алаңдары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда бос учаскеде жаңа демалыс аймағы пайда болды. Балалар және спорт алаңдары бар қоғамдық кеңістік Түрксіб ауданындағы Боралдай көшесі, 73 мекенжайда "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша салынды.

Жоба аясында жаңа балалар ойын кешендері, спорттық снарядтар, орындықтар мен урналар орнатылды, көше жарықтандыру желілері жүргізілді.

Сонымен қатар, тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қоршау құрылымдары мен тұрақ аймағы жабдықталды.

Айта кетейік, 2025 жылы қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ауданның әр түкпірінде "Халық қатысатын бюджет" бағдар "ХҚБ" бағдарламасы бойынша 2024 жылы жобаға 18,8 млрд теңге бөлінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,8 млрд теңгеге артық. Алматылықтар аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және балалар алаңдарын құру бойынша 364 жобаны ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: