Екібастұзда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті

Екібастұзда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 18:10 Сурет: Zakon.kz
Екібастұзда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай көшесімен келе жатқан "Ауди С4" автомашинасының жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің жүріс бөлігін  өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.  


"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады департамент. 

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол жүру ережелерін сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: