Жетісу облысында өліммен аяқталған жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды

Жетісу облысында өліммен аяқталған жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 19:23 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында өліммен аяқталған жол апатына кінәлі жүргізуші ұсталды. Оқиға 2024 жылғы 10 қаңтарда таңғы уақытта Ескелді ауданында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгісіз көлік жүргізушісі Қарабұлақ ауылындағы Ескелді би көшесінде келе жатып, жолдың жиегіндегі жаяу жүргіншілерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жаяу жүргіншілердің бірі алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Полиция қызметкерлері оқиға туралы хабар алған бойда іздеу жұмыстарын бастап, жедел әрекет ету нәтижесінде "Тойота" маркалы автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Жүргізуші ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болуға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: