Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды

Жамбыл облысында тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 20:52 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар әлеуметтік желілерде шетелдік радикалды уағызшылардың дәрістерін, аудио және бейнематериалдар таратқан. Бұл материалдардың кей бөліктеріне бұрын сот тәртібімен Қазақстан Республикасының аумағында діни араздықты қоздырушы ретінде таратуға тыйым салынған болатын.

Тұрақты мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту кезінде түрлі діни мазмұндағы материалдар мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Сараптама нәтижесінде аталған материалдарда діни араздықты насихаттау белгілері анықталды.

Төрт күдікті, яғни топтың көшбасшылары мен белсенді қатысушылары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, қалғандары мойындау көрсетпелерін берді.

Қазіргі уақытта топ болып діни араздықты қоздыру белгілері бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: