Ақмола облысында немересі 77 жастағы әжесін соққыға жыққан

Ақмола облысында немересі 77 жастағы әжесін соққыға жыққан, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2025 17:09 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында 77 жастағы әйелді соққыға жығу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Зейнеткерді өз немересі ұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің арызы 2025 жылғы 8 қаңтарда түскенін, енді 30 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Егде жастағы ауыл тұрғыны бір күн бұрын немересі жанжал кезінде оның денесін жарақаттағанын айтты. Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Полицейлер 2024 жылы Қазақстанның Қылмыстық кодексіне денсаулыққа зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін жауапкершілік күшейтілгенін еске салды.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, ал денсаулыққа жеңіл зиян келтірмейтін ұрып-соғу не күш қолдану әрекеттері үшін 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: