Global FirePower-2025: Қазақстан әскері Орталық Азиядағы ең үздігі деп танылды

Қазақстан әскері, рейтинг, Global FirePower-2025, Орталық Азия, көшбасшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2025 10:49 Сурет: gov.kz
Global FirePower-2025 барша елдің әскери күш-қуатына қатысты рейтингті жаңартты. Қазақстан Орталық Азия елдері арасындағы көш бастай отырып, тізімде бір орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы ҚР 145-тен 58-ші орынға көтерілсе, ал 2023 жылы 63-орынды иеленді.

Бүгіндері 58-ші орында Өзбекстан болса, ал 2025 жылы Қазақстанның әскери әлеуеті рейтингте 57-ші қатарға дейін көтерілуге мүмкіндік берді. Түрікменстан 77-орында, Қырғызстан 105-орында, Тәжікстан 108-орында.

GFP рейтингі 60-қа жуық түрлі көрсеткіштерді қамтиды: әскери бөлімдердің саны, қаржыландыру, логистика және жағрафиясы.

Негізгі көрсеткіштер бойынша біздің еліміз қазір әлемде  дүркіндетіп оқ ататын реактивті жүйесінің саны бойынша 17-ші орында (407 бірлік) және өздігінен жүретін артиллериясы бойынша 21-ші орында тұр. Әлемдегі әскери күш-қуат рейтингісінде ең қомақты әскери бюджеті – 800 миллиард долларды құрайтын АҚШ көш бастайды. Содан кейін ядролық әлеуеті мен дамыған қорғаныс өнеркәсіпке ие Ресей тұр.  Үшінші орынды әскер саны бойынша бәрінен оқ бойы озық тұрған Қытай басады. Рейтингтің соңғы, 145-ші орнында Бутан тұр.

Бұған дейін Қазақстанның әскери-техникалық мектептері тапшы бағыттағы мамандарды даярлайтыны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: