Көкшетау қаласының тұрғыны кастетті сақтағаны үшін сотталды

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2025 16:21 Фото: pixabay
Көкшетауда "кастет" суық қаруын заңсыз сақтаған азаматына қатысты үкім шығарылды.

Көкшетау қаласының тұрғыны интернеттен "кастет" сатып алып, оны полиция қызметкерлері ұстағанға дейін өзімен бірге алып жүрген.

2024 жылдың 17 желтоқсанында сот оны 90 сағаттық қоғамдық жұмыстарға соттады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қала прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделгенін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: