Түркістан облысында көлік жүргізушісінен марихуана тәркіленді

Түркістан облысында көлік жүргізушісінен марихуана тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2025 19:02 Сурет: polisia.kz
Полицейлер Арыс ауданы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нақтырақ айтсақ, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Mitsubishi автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер тексеру кезінде жүргізушіден есірткі заты бар 3 орама тапты. 

Одан әрі полицейлер күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде тағы 1 қағаз орамасын тәркіледі. Алынған заттың жалпы салмағы 160 грамнан астам марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: