Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында нәрестенің құлағынан алтын сырғасын шешіп алған күдікті құрықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 14:27 Сурет: ҚР ІІМ
Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Анықталғандай, күдікті әйел базарда екі баласымен және жол сөмкесімен такси іздеп жүрген әйелді көрген. Жәбірленушінің қолында 2 жастағы қызы мен жол сөмкесі және 8 айлық сәбиі болған.

Ол әйелге көмектеспек болып, сәбиді қолына алған. Яғни таксиге дейін шығарып салар тұста оған байқатпай нәрестенің құлағындағы сырғасын шешіп алған.

Сырғаны ломбардқа өткізіп жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің қолды қылған сырғасын тауып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмысқа қатыстылығы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: