Түркістан облысында тұрғындардан алаяқтықпен ақша алып, құмар ойынға салып жіберген күдікті ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2024 15:17 Сурет: Zakon.kz
Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен бұрын сотты болған 35 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Күдікті ер адам өзінің танысын кәсіпорындардың бірінде оператор қызметіне жұмысқа орналастырып беремін деген желеумен сеніміне кірген.

Одан жалпы сомасы бір миллионға жуық қаржысын алып, байланысқа шықпай, "ізін суытқан".

Тәртіп сақшылары бұдан бөлек оның тағы екі алаяқтыққа қатысы барын анықтады.

Келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгеден астам.

Ол жәбірленушілерден алған ірі көлемдегі ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің қылмыстық ісі сотқа өтті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: