Түркістан облысында сарайда есірткі сақтаған ер адам ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 13:20 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында есірткі қылмысына қатысы бар 49 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Жедел уәкілдер күдікті ер адамның үйіне тінту жүргізді.

Нәтижесінде оның сарайында пакетке және стаканға салынған сондай-ақ газетке оралған өсімдік тектес есірткіге ұқсас затты тауып, тәркіледі.

Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі 20 грамға жуық кептірілген марихуана мен сора өсімдігі болып шықты.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: