"Көктайғақ болып, қар бұрқасындатады". Астана мен еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, 16 қаңтар, Қазақстан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 22:30 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 16 қаңтарда Астана мен еліміздің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қызылордада да тұман, көктайғақ болатыны болжанады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда жаяу бұрқасын жүріп, күндіз көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түсіп, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Жарма ауданында 25 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с болады деп күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыс бойынша бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Атырауда көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Астанада жаяу бұрқасын жүріп, күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-18 метр жылдамдықпен жел соғады. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнге – 2025 жылдың 16 және 18 қаңтары аралығында республикамыз бойынша ауа райы болжамын ұсынған болатын. Оған сәйкес, алдағы күндері елімізде күн күрт суытады деп болжанады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: