16 қаңтардағы сауда кезінде доллар бағамы қалай өзгерді
Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 16 қаңтарда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,09 теңгеге төмендеп, 529,65 теңге болды.
Таңғы сауданың қорытындысы бойынша юань бағамы 72,04 теңгеге (-0,04) түсті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 529,1-532,1 теңге, еуро 544,5-549,5 теңге, рубль 5,09-5,21 теңге аралығында сатылуда.
16 қаңтардағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында наурыздағы Brent фьючерстерінің құны 0,13%-ға арзандап, барреліне 81,92 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,03%-ға төмендеп, барреліне 78,69 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 529,7 теңге, еуроны 545,96 теңге, рубльді 5,17 теңге деп белгіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript