Көліктегі VIN кодты өзгертетін заңсыз ірі бизнестің жолы кесілді
Фото: Zakon.kz
Абай облысында көліктің VIN код нөмірлерін қолдан жасауға байланысты қылмыстық схема әшкереленді.
Күдікті Алматы қаласының 40 жастағы тұрғыны.
Жедел тінту кезінде лазерлі принтері бар жабдық, ноутбук, үш ұялы телефон, сондай-ақ VIN кодты өзгертуге дайындалған тоғыз көлік тәркіленді, деп жазады qazaqstan.tv.
Тергеуге алынған күдіктіге төрт жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге мүлкін тәркілеумен бірге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript