Астанада жол апатынан кейін жүргізуші мен жолаушы қираған көліктен шыға алмай қалды

Астанада жол апатынан кейін жүргізуші мен жолаушы қираған көліктен шыға алмай қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2025 13:30 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
18 қаңтар күні таңертең Астанада болған жол апатынан жүргізуші мен жолаушы қираған көлікте қысылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүк көлігімен соқтығысқаннан кейін Toyota Camry корпусына зақым келгені сонша, жүргізуші мен оның жолаушысы қираған көлікті өз бетімен шыға алмаған.

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

"Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу шақыру орнына шығып, гидравликалық құралдардың көмегімен автокөліктің есіктерін ашып, зардап шеккендерді жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады", - деп хабарлады ведомство.
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

ТЖМ көлік жүргізу кезінде жылдамдық режимін сақтап, мұқият болу керек екенін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: