Жұмысына адал алматылық автобус жүргізушісінің оқиғасы президенттің құлағына да жетті

Марапаттау рәсімі, Алматы, автобус жүргізушісі, Шапағат медалі, Жұмысшы мамандықтар жылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2025 17:45 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының қоғамдық көлік жүргізушісі Қанат Ахметовты әлеуметтік және қоғамдық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі үшін "Шапағат" медалімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марапатты қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин табыс етіп, Қанат Ахметов 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған жылы осындай марапатқа ие болған алғашқы еңбек адам екенін атап өтті.

Төрт бала тәрбиелеп отырған Қанат Ахметов "Алматыэлектротранс" кәсіпорнында №66 маршрутта жүргізуші болып жұмыс істейді.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Ол арбаға таңылған жолаушыны көтергіш құралдың көмегімен автобусқа кіргізуге көмектесті. Бұл оқиғаны әлеуметтік желіде экобелсенді Евгений Мұхамеджанов жариялаған. Жазбаға тұрғындар көптеген жылы лебіз қалдырды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдаған еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: