Алаяқтар жасөспірімді алдап, ата-анасының 1 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырған

Алаяқтар жасөспірімді алдап, ата-анасының 1 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырған, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2025 18:15 Сурет: freepik
Ақмола облысында алаяқ кәмелетке толмаған баланы алдап, оның ата-анасынан 1 миллион 128 мың теңгеден астам қаражатты жымқырды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Целиноград ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны баласының интернет алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы шағымданды. Әкесі жасөспірімнің ірі көлемде ақшадан айырылғанын айтып, көмек сұрады.

Оқиға 18 қаңтарда болғаны анықталды. TikTok қосымшасындағы тікелей эфирді көріп отырған жасөспірімге бейтаныс біреу хабарласып, онлайн ойындағы аккаунтын тегін беруге уәде еткен. Алайда бұл үшін бала кез келген ересек адамның банктік шот нөмірін немесе картасын ұсынуы және оны Olimbet.kz сайтына аударуы қажет екенін айтқан.

Бала алаяқтың сөзіне сеніп қалып, оның барлық талабын орындаған. Алайда күдікті ақшаны алғаннан кейін байланысқа шықпай, ізін суытқан.

Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, күдіктінің жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: