Астана – Бурабай тасжолында 500-ден астам көлік тұрып қалды
Сурет: видео скрині
Бүгін, 21 қаңтарда Астана – Бурабай автожолдарында ауа райының нашарлауынан 500-ден астам автокөлік жиналды. ТЖМ құтқарушылары алдын алу жұмыстарын жедел жүргізуінің арқасында 320 машинаны қайтаруға мүмкіндік туды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізушілер мен жолаушыларға ыстық тамақ берілді.
"Жылыту пунктілеріне 30 адам уақытша орналастырылды, олар да ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Шұғыл көмек көрсету және ақпаратты нақтылау үшін 112 нөмірі бойынша құтқару қызметіне хабарласуды ұсынамыз", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысындағы жолдарда мыңнан астам көлік өте алмай тұрғанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript