Қарағанды – Астана тас жолында қарлы бораннан көлік кептелісі пайда болды

Скопление машин на границе, трасса, пробка на границе, пробки на границе , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2025 13:40 Фото: unsplash
2025 жылғы 21 қаңтарда Теміртау қаласының терминалында шамамен 300 автокөлік жиналды. Оқиға ауа-райының нашарлауына байланысты болған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарағанды-Астана автожолы уақытша жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі жолаушыларға өтінішпен жүгінді.

Мамандар ауа райы жағдайы жақсарып, жол ашылғанға дейін жүргізушілерді алыс сапарлардан бас тартуға шақырады. 


"Барлық жол қозғалысына қатысушылардан сақтық шараларын сақтауды, жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап, төтенше қызметтердің ұсынымдарын ескеруді сұраймыз", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.

Бұған дейін Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасаған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: