ІІМ: Қазақстанның 10 өңірінде ҚАЖ мекемелеріне әсер ететін қылмыстық топтарды ұстау жүргізілді

21 қаңтарда Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен мекемелерге есірткі жеткізу арнасын жолға қойып, бопсалаумен және криминалитетті қаржыландырумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша ауқымды операцияны аяқтады,, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2025 11:38 Сурет: ҚР ІІМ
21 қаңтарда Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратура органдарының үйлестіруімен мекемелерге есірткі жеткізу арнасын жолға қойып, бопсалаумен және криминалитетті қаржыландырумен айналысқан қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша ауқымды операцияны аяқтады.

Жедел-тергеу әрекеттері бір уақытта елдің 10 аймағында жүзеге асырылды.

Жалпы іс-шаралар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ахуалды тұрақсыздандырып, ұстау режимін бұзуға әрекет жасаған адамдарды анықтауға бағытталды.

Жедел әзірлеу барысында жолға қойылған схема бойынша әрекет ететін топтардың желісі құжатталды. Олардың қатарына бірнеше рет сотталған адамдар кірген.

Барлығы 118 күдікті, оның ішінде қылмыстық ортаның 13 өкілі ұсталды. 100-ден астам тінту шаралары жүргізілді.

"Үш Калашников автоматы, екі травматикалық тапанша, әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, 11 кг-нан астам есірткі, мобильді құрылғылар және заңсыз құжаттама тәркіленді. Ұсталған адамдардың арасында алыс және жақын шетелдердің криминалитет өкілдері болғанын атап өткен жөн. Жедел іс-шаралар жалғасуда", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: