Көлікті 5 минуттан артық қыздыру: Экология министрінің эксперименті қазақстандықтардың қызу талқысына түсті

Көлікті 5 минуттан артық қыздыру: Экология министрінің эксперименті қазақстандықтардың қызу талқысына түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2025 16:18 Сурет: Instagram/minecology_kz
Желі қолданушылары экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың 17 градустық түнгі аяздан кейін 5 минут ішінде көлік қыздырған экспериментіне қатысты жаппай пікір білдіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 21 қаңтарда Ерлан Нысанбаев қыс мезгілінде автокөлікті 5 минуттан артық қыздырғанға салынатын айыппұлға оң көзқарасын білдіріп, сөзін іспен дәлелдеуге дайын екенін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ол сол күні көлігін сыртта қалдырған, ал 22 қаңтарда таңертең оның темір тұлпары 5 минуттың ішінде қызған.

Экология Министрлігінің Instagram парақшасында жариялаған эксперимент қызу талқыға түсті. Енді оған қазақстандықтар бұл экспериментті қайталауды, тек бұл жолы ескі машинада және куәгер қосуды ұмытпауды ұсынды.

  • Министр мырза бұл видеомен өтірік қойылым жасаған. Себебі, машинаның терезесінде қар немесе мұз жоқ.
  • Ауа температурасы 20 градустың айналасында машинаның терезесі толығымен жабылып, мұз немесе қырау қатып тұрады. Әсіресе 21 ақпанда қарлы боран тұрғанын ескерсек. Терезедегі қар қайда кеткен? Әлде жылы гараждан жаңа ғана шыққан машина ма?
  • Бұндай сайқымазақ қойылым жасау ұят емес пе?
  • Жұрттың бәрі министр ұқсап жаңа көлік міне бермейді
  • Халықты ақымақ қылуды қою керек қой
  • Қырау да жоқ қой...
  • Енді ескі көлікпен істеп көріңізші
  • Жақсы қойылым

Бұған дейін Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасының іске қосылғаны жарияланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: