Қарағанды облысында 19 көлік соқтығысты: кейінгі мәліметтер

Қарағанды облысында 19 көлік соқтығысты: кейінгі мәліметтер, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2025 20:15 Сурет: видео скрині
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Қарағанды облысындағы жаппай жол апатына қатысты кейінгі мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның мәліметінше, қазіргі таңда жол-көлік оқиғасына қатысушылардың барлығы жылыту пунктілеріне орналастырылды.

"Балқаш қаласынан Қарағанды қаласына қарай қозғалыс қарсы жол арқылы ұйымдастырылып, жақын арадағы бұрылатын жол арқылы өз бағытындағы жолға түсіп жатыр", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында төрт бірлік эвакуатор жұмыс істеп жатыр. Екі сағаттың ішінде барлық бағыт бойынша қозғалысты қалыпқа келтіру жоспарланып отыр.

Еске салайық, бүгін, 23 қаңтарда Қарағанды облысында 19 көлік соқтығысқан еді.

Төтенше жағдайлар министрлігі кейінірек оқиға Ақсу-Аюлы ауылының маңында болғанын нақтылады. Жедел жәрдем бригадасы аудандық ауруханаға тоғыз адамды жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: