Қазақстанда электромобильдер саны 1,6 есеге көбейді
Сурет: pixabay
Бір жыл ішінде еліміздегі электромобильдердің саны 1,6 есеге артқан. Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысындағы олардың саны 56 бірлікке дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Петропавловск.news дерегінше, 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша олар 12 587 бірлікті құраса, бұдан бір жыл бұрын небәрі 7 680 болған.
Бұл автомобильдерге де, жүк көліктеріне де, автобустарға да қатысты. Олардың ішінде, жеңіл автомобильдер арасында өсім ерекше байқалады: олардың саны 7 383-тен 12 119 бірлікке дейін өсті.
Алматы электр көліктерінің саны бойынша көш басында – қалада 7 309 автомобиль тіркелген. Одан кейін 1510 электромобильі бар Астана қаласы және үздік үштікті 638 автомобильмен Алматы облысы аяқтап тұр. Бүгінгі таңда жүк электромобильдерінің саны – 338 бірлік, автобустар – 130 бірлік.
Бұған дейін жеті жыл бойы әйеліне күн көрсетпеген елордалық жауапқа тартылғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript