Төлқұжат және жеке куәлік: 2025 жылы қазақстандықтар бұл құжаттарды алу үшін қанша төлейді
Жыл басынан бері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері 3932 теңгеге дейін ұлғайды, осыған байланысты құжаттарды дайындауға мемлекеттік баждар да өзгерді. Сонымен:
- 36 беттен тұратын паспортқа 8 АЕК (31 456 теңге), 48 бетке – 47 184 теңге төлеу қажет.
- Балалар паспорты – 4 АЕК (15 728 теңге).
- Жеке куәлік – 0,2 АЕК (787 теңге).
Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Қосымша төлеммен процесті жеделдете аласыз – 1 күннен 3 күнге дейін.
Жеке куәлік пен төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады
Паспортты және жеке куәлікті рәсімдеу үшін ХҚКО-ға жүгіну қажет, себебі бұл қызметтер онлайн түрде қолжетімді емес. Бұл ретте қызмет эксаумақтылық қағидаты бойынша көрсетіледі – сіз тіркелген жеріңізге қарамастан кез келген халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне аласыз.
"Егер сіздің төлқұжатыңыздың мерзімі аяқталса, оны мерзім аяқталғанға дейін 1-2 ай бұрын ауыстыруға болады. Егер сіз ескі төлқұжат мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа төлқұжат алғыңыз келсе, кешіктірулер үшін айыппұлдар жоқ. Жеке куәлікке келетін болсақ, егер сіз ескінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде жаңа куәлік алмасаңыз, айыппұл салынады", – деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" Шымкент филиалының PR-менеджері Алтынай Татаева.
Оның деректері бойынша, жеке куәлік пен паспорт беру жөніндегі мемлекеттік қызмет бүгінгі таңда сұранысқа ие қызметтердің бірі болып табылады. Өткен жылы шымкенттіктер 106 мың жеке куәлік пен төлқұжат рәсімдеген.