Талдықорғанның бұрынғы әкімі Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Талдықорғанның бұрынғы әкімі Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 14:06 Сурет: Telegram/almatregion
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің сайтынан белгілі болды.

"Алматы облысы әкімінің өкімімен Әсет Дүйсебекұлы Масабаев 2025 жылғы 23 қаңтарынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды",- делінген ақпаратта.
Сурет: Telegram/almatregion

Әсет Дүйсебекұлы 1985 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "Электрэнергетикалық жүйелер және тораптар" мамандығы бойынша, 2014 жылы Экономика және құқық академиясын "Қаржы" мамандығы, Ресей халықтар достығы университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы "Алматы электр станциялары" АҚ-ның электромонтеры болып бастаған.

Әр жылдары "Наз" ЖШС-ның бас энергетигі, "Алмаз және КЮС" ЖШС техникалық директоры, Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бөлім басшысы, Алматы қаласы Жетісу және Медеу ауданы әкімдерінің орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Алматы қаласы энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Жетісу облысы Талдықорған қаласының әкімі лауазымдарында қызмет атқарған.

2024 жылғы 16 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін "ULKEN GROUP LTD" жеке компаниясының басқарушы директоры лауазымында қызмет етті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: