Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 13:08 Сурет: Instagram/almobl_akimat
Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Болат Күреңбеков лайық деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігі 2024 жылғы 26 тамызда ресми ақпарат таратты.

"Алматы облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Болат Қайратұлы Күреңбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды", — делінген Алматы облысының әкімдігінің Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысының әкімі қызметін Марат Сұлтанғазиев атқарып келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: