Еліміздің ең ірі топ-5 мұздығы: олардың ерекшеліктері қандай

Еліміздің ең ірі топ-5 мұздығы: олардың ерекшеліктері қандай , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 14:20 Сурет: unsplash
Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігінде бүгін, 2025 жылғы 24 қаңтарда еліміздің бес ірі мұздығы туралы қызықты ақпарат берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іле Алатауының мұздықтары

Қазақстандағы мұздықтардың басым бөлігі Іле Алатауында орналасқан. Мұнда жалпы ауданы 140,732 шаршы шақырым болатын 470 мұздық бар.

Сурет: Telegram/QR_Su_resurstari_ministrligi

Мұздықтар Алматы қаласының маңайындағы өзендердің жағдайына әсер етеді, сондықтан да олардың экологиялық маңызы зор. Бұдан бөлек, Іле Алатауының мұздықтары альпинистер мен саяхатшылар арасында өте танымал туристік бағыт болып табылады.

Конституция мұздығы

Конституция мұздығы – Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Жетісу Алатауында (немесе Тянь-Шаньның шығыс бөлігінде) орналасқан. Биіктігі 4500 метрден асады.

Сурет: Telegram/QR_Su_resurstari_ministrligi

Мұздықтың атауы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына орай берілген. Ол аймақтағы өзендердің бастауы болып табылады және табиғатқа әсері үлкен. Бұдан бөлек, мұздық сирек кездесетін өсімдік түрлері мен жануарлар мекендейді табиғи қорық аумағында орналасқан.

Тау-кен институтының мұздығы

Тау-кен институтының мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Алматы қаласының шығысында орналасқан. Мұздықты Алматыдағы Тау-кен институтының қызметкерлері зерттегендіктен білім ордасының атауы берілген. Ол Түрген өзені бассейніндегі ең үлкен мұздық болып саналады. Алаңы 3,786 шаршы шақырымға жуық.

Сурет: Telegram/QR_Su_resurstari_ministrligi

Тау-кен институтының мұздығы климаттық және географиялық зерттеулер үшін маңызды табиғи аймақ болып табылады. Оның көлемі мен жағдайы аймақтың экожүйесіне, сондай-ақ өзендердің қалыптасуына әсер етеді.

Шокальский мұздығы

Шокальский мұздығы Талғар өзенінің бассейнінде орналасқан ең ұзын мұздық болып табылады. Жалпы ұзындығы – 3,52 шақырым. Мұздық Орталық Азиядағы таулы және мұзды аймақтарды зерттеумен айналысқан әйгілі географ және альпинист Петр Шокальскийдің есімімен аталады.

Сурет: Telegram/QR_Su_resurstari_ministrligi

Шокальский мұздығы Іле Алатауы арқылы өтетін өзендер үшін су ресурстарының көзі болып табылады. Сондай-ақ, ол климаттық зерттеулер үшін де өте маңызды. Себебі, мұздықтың еруі мен өзгеруі арқылы аймақтың климаттық көрсеткіштері анықталады.

Үлкен Берел мұздығы

Үлкен Берел мұздығы Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында орналасқан. Ол аймақтағы ең ірі мұздықтардың бірі, көлемі – 4,7 шаршы шақырым. Мұздық бірнеше өзен мен басқа да су нысандарының көзі болып табылғандықтан экологиялық және гидрологиялық маңызы зор.

Сурет: Telegram/QR_Su_resurstari_ministrligi

Өлшемдері мен географиялық орналасуына байланысты Үлкен Берел мұздығы ғылыми зерттеу нысанына айналды. Сонымен қатар, ол скиф билеушілерінің қорымы табылған Берел қорғаны мен басқа да археологиялық орындарға жақын орналасқан. Сол себепті мұздық альпинистермен қатар, туристер мен археологтар үшін де өте қызық.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: