Алматы полициясы "инвестициялық" алаяқтардың белсенділігі артқанын ескертеді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2025 15:44 Фото: Zakon.kz
Алматы Киберполы интернет-алаяқтықтың ең танымал түрлері туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпараттық ресурстарда және әлеуметтік желілерде ақшаны табысты бизнеске кепілдендірілген инвестициялау, сондай-ақ ай сайынғы дивидендтер мен бонустары туралы хабарландырулар орналастырылады.

Әдетте, алаяқтар шетелдік немесе қазақстандық банк карталарына, сондай-ақ электронды әмияндар мен басқа да төлем жүйелері арқылы ақша аударуды сұрайды.


Адамдардың сеніміне кіру және басқа да құрбандарды тарту үшін олар бастапқы кезеңде аз мөлшерде ақша төлейді. Әдетте, алғашқы төлемдер алаяқтықтың жаңа құрбандарының салған қаражатынан жасалады. Қомақты сомма жинаған соң, алаяқ төлем жасауды тоқтатады, – дейді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.

Полиция азаматтарды қырағылыққа, сақ болуға және аңғал болмауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: