Бектенов: Бірінші АЭС құрылысы бойынша қажетті келісімдер жақын арада жасалады

Олжас Бектенов, государственный служащий, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 11:32 Фото: primeminister.kz
2025 жылғы 28 қаңтарда Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қазақстан үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов екі атом электр станциясын салудың ықтимал орындарын анықтау үшін аймақтарды талдау аяқталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бектеновтың айтуынша, жақын арада Алматы облысындағы бірінші атом электр станциясын салуға қажетті келісімдер жасалады.

"Сондай-ақ екінші және үшінші атом электр станцияларын салудың ықтимал орындарын анықтау үшін аймақтарды талдау аяқталуда", – деді Олжас Бектенов.

Қазақстандағы АЭС құрылысының кезеңдері туралы барлық мәліметтерді мына жерден табуға болады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: