Тоқаев өнеркәсіп жобаларындағы олқылықты сынға алды
![Люди на производстве, завод, промышленность, работники , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 13:30](https://www.zakon.kz/pbi/WEBP/2024-05-16/file-8878e8e1-0190-4882-ad00-b9c3783e7936/400x225.webp)
Тоқаев мұны активтерді қазынаға қайтару ісімен қатар жүргізу қажет екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл туралы ол ірі бизнес өкілдерімен кездесулерде айтқан болатын.
"Қазақстанда орта буынға жататын көшбасшы компаниялар шоғырын қалыптастыру міндеті әлі де өзекті. Үкімет биылғы маусым айының соңына дейін келешегі зор әрбір орта кәсіпорынның жұмыс жоспарын әзірлеуге тиіс", деді Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, еліміздің сирек кездесетін металл кенішін, соның ішінде әлемде сұраныс артып келе жатқан литийді өндіру мен өңдеу әлеуеті өте үлкен.
"Демек біз осы салаға инвестиция мен озық технологияларды тартуымыз қажет. Бұл ретте шетелдік инвесторларға да, отандық бизнесмендерге де басымдық берген жөн". Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан нарығына геологиялық барлаумен айналысатын ірі шетелдік компаниялар келді. Жер қойнауын пайдалану құқығын ашық әрі қарапайым тәртіппен бөлетін Бірыңғай платформа іске қосылды.
Сондай-ақ, президент жер қойнауын пайдалану саласындағы реформа еш кедергіге қарамастан жалғасуға тиіс екенін нақтылады. Бұл – принципті ұстаным. Үкімет мұны қатаң түрде сақтауы қажет.
Бұған дейін Тоқаев экономиканы әртараптандыру мәселесін көтерген болатын.