Қостанай облысында шетелдік екі азамат шекараны заңсыз кесіп өтпек болған

Қостанай облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 17:05 Сурет: polisia.kz
Қостанай облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы шекара қызметімен бірлесіп, Денисов ауданы аумағында мемлекеттік шекараға жақын жерде екі шетелдік азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Заң бұзушылардың Қазақстан-Ресей шекарасын ресми өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз кесіп өтпек болғаны белгілі болды.

Олардың мұндай қадамға баруына Ресей аумағынан көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін депортациялануы себеп болған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мемлекеттік шекара режимін бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңнама талаптарына сәйкес, Қазақстан аумағынан шығарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: