Қазақстан Марракеш шартын ратификациялады

Қазақстан Марракеш шартын ратификациялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2025 18:05 Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш шартын ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының "Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы"  Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін Заңның көру қабілеті бұзылған адамдардың әдеби және өнер туындыларына қол жеткізуін жеңілдетуге бағытталғаны хабарланған еді. Шарттың мақсаты – кедергілерді жою және физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, азаматтардың білімге және жарияланған еңбектерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Шартты ратификациялау көру қабілеті бұзылған адамдардың кітаптарға, журналдарға және оқу материалдарына қолжетімділігін кеңейтеді. Ол сондай-ақ қоғамның мәдени және әлеуметтік өміріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді және осындай тұлғаларға қолжетімді форматта жасалған шығармалардың көшірмелерімен халықаралық алмасуды жүзеге асырады.

Сонымен қатар Марракеш келісімін ратификациялау зағиптар мен нашар көретін адамдарға арналған кітапханалар желісін сақтауды қамтамасыз етуге көмектеседі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 85 мыңнан астам адам көру қабілетінен айырылған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: